- Advertisement -
    • Главная
    • Новости
    • В Стране
    • Тема
    • В Мире
    • Человек и закон
    • Персонально
    • Лайф
    • О нас
     

    Қазақстанда қанша лудоман бар? Аңыз бен ақиқат

    Лайф 17.01.2024 16:06


    Shares
    • Share On Facebook
    • Tweet It

    Бір қызығы, Мәжілістің кейбір депутаты бірнеше рет жоққа шығарылған жалған ақпаратты айтудан жалықпайды. Қазақстандағы заң шығарушы органда неліктен жалған ақпарат қалыпты құбылысқа айналды?

    «Республика» көргенінен жазбас

    4-5 қаңтарда «Respublica» партиясынан Мәжіліс депутаты атанған Руслан Берденов Семей қаласындағы Shakarim University-де Абай облысының студенттерімен кездесті. Бұл туралы Parlam.kz ресми сайты хабарлады. Ол «партияластары» сияқты жұмыссыздық, шахтадағы апаттар, қазынаға қол сұғу және тағы басқалардан әлдеқайда маңызды болып көрінетін мәселеге тоқталды. Иә, дәл солай, әңгіме Қазақстандағы құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) жайлы өрбіді.

    Берденов мырза студенттерге: «Былтыр елімізде 350 мыңнан астам лудоман есепке алынды», – деді.

    Керекулік бір журналист әйелдің 2019 жылғы телеэфирден айта салған бұл дүдәмал дерек әлдекімдерге ұнайтын секілді! Естеріңізге сала кетейік, әлдебір саясаттанушы (ресми тұлға емес) тіпті лудомания емес, басқа да қоғамдық мәселелер туралы эфирдегі әңгімесін журналистің өзі толық түсінбей, өткізе салған. Әрі оны ешкім жоққа шығармаған. Өкінішке қарай, біздің мамандықта мұндай болып тұрады.

    Shakarim University студенттері де, жиынға қатысқан басшылар да (ректор, қала әкімдігінің өкілдері) Берденов мырзаға қарапайым сұрақ қоймағаны өкінішті: Қазақстанда құмар ойынға тәуелділігі бар 350 мың науқасты кім есепке алғанын нақтылап кетіңізші? Қай ведомство? Денсаулық сақтау министрлігі ме? ІІМ ме? Әлде тиісті уәкілетті орган – Туризм және спорт министрлігі (ТСМ) ме? Кім?

    Тағы бір сұрақ: неліктен депутат университет ректорынан да, әкімдік өкілдерінен де қымсынбай, студенттерге тексерілмеген мәліметті айтуды жөн санайды? Бұл біздің қазіргі саясатта қалыпты жағдай ма? «Жаңа Қазақстандағы» Парламенттің жұмыс стилі осындай ма?

    Айтпақшы, Руслан Берденов жалғыз емес. Бірер күн бұрын ҚР-дағы 350 мың лудоман туралы ескі фейк «ІІМ мен ҰҚК онлайн казинолардың ірі желісінің жолын кесті» деген тақырыппен бейнесюжет пайда болды. «Полицияның айтуынша, Қазақстанда ресми дерек бойынша 350 мың адам құмар ойынға салынған. Әрбірі орта есеппен 10 миллион теңге қарыз», — делінген. Тағы да сауал: бұл кімнің ресми дерегі? Оны кім және қайда, қай ведомство жариялады?

    Қос жалған дерек те бұрын бірнеше рет жоққа шығарылған. Атап айтқанда, Бірінші кредиттік бюро (БКБ) «Құмар ойынға тәуелді тұлғалар орта есеппен 10 млн теңге қарыз» туралы сұрауға жауап ретінде ондай деректің жоқ екенін көрсетті. Интернетте фактчекинг көрсеткендей, 350 мың лудоман туралы хабарлама бастапқыда шетелдік БАҚ-тан келген. Мұның Қазақстанға қатысы жоқ. 350 000 лудоман туралы деректер Ұлыбританияда екені туралы бірнеше рет жарияланды. Еуропаның дәл осы елінде, бірқатар Батыс басылымның материалында 350 мың адамның құмар ойынға тәуелді екені жазылған.

    Қазақстанда шынымен қанша лудоман бар?

    Неліктен лудомания туралы ескі фейктер біздің Парламентте және басқа да ресми ортада кең таралды, мәселенің нақты ауқымы қандай деген сауалға 12 қаңтарда ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі Мирас Төлебаевтың «Қазақстан 24» телеарнасына берген сұхбатында жауап іздепті. Белгілі психолог Айдос Ибрагимов қатысқан эфир қазақстандықтардың құмар ойынға тәуелділігіне арналды. Сұхбаттан ТСМ өкілінің ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып, шын мәнінде ресми деректі білетіндігі байқалады. Айтпақшы, Туризм және спорт вице-министрі осы әңгіме барысында «350 мың лудоман қазақстандық» туралы қауесетті тағы да жоққа шығаруды ұмытпады.

    ТСМ өкілі, атап айтқанда, 3 мың өзін-өзі шектеген қазақстандықтар туралы — олар өз еркімен құмар ойындарға қатысудан бас тартты. Спикер түсіндіргендей, бұл жерде лудомандар емес, саналы түрде ойыннан бас тартқандар туралы сөз қозғалған.

    Бұдан әрі вице-министр ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, лудоманиядан айығу рәсімінде тұрған 11 мың адам туралы айтады. Міне, бұл (Берденов мырзаның «есепке алынғандар» туралы сөзіне оралсақ) шындыққа жанасады: бұл құмар ойынға тәуелді деп танылғандардың нақты есебі.

    Кәсібилік керек бұл жерге

    Бір қызығы, тиісті ведомствоның вице-министрі ғана емес, сонымен қатар Руслан Берденовтың Мәжілістегі әріптесі – депутат Магеррам Магеррамов «Respublica партиясының өкілдері» жүздеген мың құмар ойынға тәуелді қазақстандыққа қатысты айтқан сөздерін жоққа шығарады. Жақында Магеррамов лудоманиямен күрес мәселесінде шалағай көзқарасты сынға алды. Мәжілісменнің пікірінше, халықты өтірік санмен қорқытқанша, осы саладағы дамыған елдердің тәжірибесіне мән беру қажет. Әсіресе, беттингті (спорттық бәс тігулер) және дәстүрлі құмар ойындарды заңды түрде бөлу керек. Магеррамов: «Неге Парламентте лудомания мәселесі заңды түрде жұмыс істейтін ойын бизнесіне қатысты көтеріледі де, заңсыз, астыртын бизнес жайлы үнсіз қалады, қанша дегенмен, Қазақстанда ойыншылардың басым көпшілігі астыртын ойында ғой?» — деп сұрақ қояды.

    «Неліктен бүгінде тек беттингке баса назар аударылады, неге ешкім заңсыз онлайн казинолардағы бәс тігу туралы заңмен тыйым салынған мәселені қарастырмайды?», — деп Магеррамов өзінің Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, «Қазақстан көлеңкелі, заңсыз ойын бизнесінің Меккесіне айналды». Жыл сайын ҚР-нан 4 трлн теңгеден астам қаржы заңсыз ойын нарығының мыңдаған сайты арқылы шетелге шығарылатынын да атап өтті мәжілісмен. Елден оффшорға орасан зор қаражат кетіп жатыр, бұл заңсыз құмар ойын құрылымдары. «Психологтардың пікірінше, лудомандардың 95%-ы онлайн казино мен ойын автоматтарының ойыншылары, мұнда нәтижені казино иелері басқарады, ал ойыншылар тез жеңіске жету үшін құрбан болады», — дейді депутат.

    Оның пікірінше, Қазақстанға велосипед ойлап табу керек емес, осы саладағы сәтті шетелдік тәжірибені мұқият зерделеп және пайдаланып, лудоманиямен күресте өркениетті, қатаң реттелетін нарықты қалыптастыруға жүйелі түрде жақындау қажет. Атап айтқанда, бәс тігу (беттинг, букмекерлер) және дәстүрлі құмар ойындар (казино, карталар, рулеткалар, ойын автоматтары залдары) ұғымдарын бөліп қарастыру керек.

    Магеррамов букмекерлік қызмет пен тотализаторды реттеу көптеген дамыған елде соқыр құмар ойын саласы (казино, ойын автоматтары, лотереялар және т.б.) спорттық ұтыс тігулер саласымен бөлек реттелетінін атап, «Бәс тігу туралы» дербес заңға телуді ұсынады. Үкімет ондағы матчтың нәтижесін кездейсоқ болжау мүмкін еместігін айтады, ол үшін спортты жақсы біліп, оны талдау керек, яғни «соқыр сәттілік» емес, бұл спорттық болжам. Сонымен қатар, беттинг саласы (букмекерлік индустрия) үлкен спортқа да, бұқаралық және балаларға да миллиардтаған демеушілік көмек көрсетеді. Магеррамовтың пікірінше, Қазақстанға дамыған елдердің үлгісі бойынша заңды букмекерлер спортқа көбірек демеушілік жасай алатындай және оларды казинолармен, карталармен және лудоманияны дамытатын «құмар ойынмен» араластырмайтындай етіп реттеу қажет.

    Бір қуанарлығы, біздің мәжілісмендердің барлығы да Берденов пен оның әріптестері сияқты нақтыланбаған ақпаратты манипуляциялау арқылы атышулы «құмар ойын» тақырыбына атүсті және популистік көзқараспен қарамайды. Бұл заң шығарушы орган мемлекет үшін маңызды мәселеге бей-жай қарамайды деген үміт отын тудырады. Магеррамов сияқты депутаттар мәселенің түп-тамырына үңіліп, оны шешу жолын жан-жақты қарастырады. Мәжілістің қазіргі құрамындағы кәсіби мамандар әлі де көп екеніне сенгім келеді.




    • Tags:
    • Қазақстан
    • ақша
    • ойынхана

    Похожие материалы
    Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи алтынды жеңіп алды
    11.02.2025 04:30
    Қазақстанда сирек металдар қоры ұлғайып жатыр
    03.12.2024 10:43
    Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық спортшылар бес финалда бақ сынайды
    24.05.2024 12:11
    Цифрландыру креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
    24.05.2024 11:14
    Үш аймаққа қауіп төніп тұр: шегірткемен күресу үшін үкімет резервінен миллиардтаған теңге жұмсалады
    23.05.2024 09:53
    • Новости

      • 1
        Медведев назвал похищение Мадуро нарушением международного права
        Медведев назвал похищение Мадуро нарушением международного права
      • 2
        ФСБ задержала кибергруппировку в Забайкалье за мошенничество
        ФСБ задержала кибергруппировку в Забайкалье за мошенничество
      • 3
        «Либо так, либо ничего»: США сорвали переговоры с Ираном в последний момент
        «Либо так, либо ничего»: США сорвали переговоры с Ираном в последний момент
      • 4
        ТАСС: обнаруженное на Кипре тело принадлежит экс-главе «Уралкалия» Баумгертнеру
        ТАСС: обнаруженное на Кипре тело принадлежит экс-главе «Уралкалия» Баумгертнеру
      • 5
        Юрист SuperJob раскрыл условия компенсации за отпуск в 2023 году
        Юрист SuperJob раскрыл условия компенсации за отпуск в 2023 году
      • 6
        «Совсем другой»: Топалов удивил поклонников своим новым образом
        «Совсем другой»: Топалов удивил поклонников своим новым образом
      • 7
        История появления пластиковых банковских карточек
        История появления пластиковых банковских карточек
      • 8
        Печенье «Юбилейное», творог и курага — собрал и в холод. Торт «Ленивый»: вкуснее многих сложных десертов, а усилий — минимум
        Печенье «Юбилейное», творог и курага — собрал и в холод. Торт «Ленивый»: вкуснее многих сложных десертов, а усилий — минимум
      • 9
        Глава Башкирии Хабиров: подросток напал на школу в Уфе с игрушечным автоматом
        Глава Башкирии Хабиров: подросток напал на школу в Уфе с игрушечным автоматом
      • 10
        Сергей Миронов предложил уроки на заводах для школьников
        Сергей Миронов предложил уроки на заводах для школьников
      • 11
        Шойгу прибыл в Китай для проведения переговоров с главой МИД Ван И
        Шойгу прибыл в Китай для проведения переговоров с главой МИД Ван И
      • 12
        Росалкогольтабакконтроль зафиксировал спад продаж игристого вина в РФ
        Росалкогольтабакконтроль зафиксировал спад продаж игристого вина в РФ
      • 13
        В сауне Кемеровской области погибли пятеро подростков
        В сауне Кемеровской области погибли пятеро подростков
      • 14
        Адвокат: Отсутствие паспорта не отменит апелляцию Батыровой в Красноярске
        Адвокат: Отсутствие паспорта не отменит апелляцию Батыровой в Красноярске
      • 15
        Небензя: Евросоюз окончательно утратил экономическую самостоятельность, превратившись в «военный придаток» НАТО
        Небензя: Евросоюз окончательно утратил экономическую самостоятельность, превратившись в «военный придаток» НАТО
    • Теги

      • авиационная опасность
      • Орловская область
      • МЧС России
      • Вкусно и точка
      • Александр Романов
      • Аэрофлот
      • Газпромнефть
      • ИМ
      • индексация пенсий
      • низкая инфляция
      • гречка
      • Яблоки
      • Следственный комитет
      • дошкольное учреждение
      • Сергей Шойгу
      • международное право
      • Николас Мадуро
      • микрокредитные организации
      • Забайкальский край
      • ФСБ
      • сны
      • сновидения
      • сонник
      • укусы
      • ТЭЦ-1
      • Инна Щеглова
      • Чита
      • вечеринка
      • Карли Андерсон
      • Элизабет Хилл-Бродиган
      • Мосбиржа
      • вмешательства
      • Центральный банк России
      • рацион
      • фигуристки
      • Ирина Слуцкая
      • комики
      • Уралкалий
      • Владислав Баумгертнер
      • космонавты
      • нейросети
      • звери
      • лоси
      • обвинения
      • сауны
      • схемы
      • Совфед
      • Валентина Матвиенко
      • цитируемость
      • рейтинг сми



    UlyQazaqNews

    UlyQazaqNews - это ваш проводник в мире срочных новостей и эксклюзивных материалов. Мы уделяем особое внимание актуальным темам, которые затрагивают Казахстан и весь мир. Наша команда журналистов тщательно отбирает информацию, чтобы предоставить вам только самые интересные и значимые материалы. Мы гордимся тем, что наш сайт является платформой, где вы найдете не только обычные новости, но и эксклюзивные инсайды и сливы. Мы стремимся к тому, чтобы быть первыми, кто передаст вам информацию, которую нигде больше не найдете. Узнайте то, что скрыто от остальных, и будьте в курсе последних событий.

    • UlyQazaqNews – – срочные новости и главные события дня в Казахстане и мире: эксклюзивные материалы, ... Все это и многое другое на нашем сайте.

    • В Стране

      • 1
        The Washington Post планирует радикальную оптимизацию штата
        The Washington Post планирует радикальную оптимизацию штата
      • 2
        В Орловской области вновь действует авиационная опасность
        В Орловской области вновь действует авиационная опасность
      • 3
        360kuai: Россия мгновенно отреагировала на нефтяной ультиматум Трампа Китаю
        360kuai: Россия мгновенно отреагировала на нефтяной ультиматум Трампа Китаю
    • Тема

      • 1
        В Венгрии началось возведение АЭС «Пакш-2»
        В Венгрии началось возведение АЭС «Пакш-2»
      • 2
        360kuai: Поддержка КНР в вопросах безопасности со стороны РФ остается стабильной
        360kuai: Поддержка КНР в вопросах безопасности со стороны РФ остается стабильной
      • 3
        Укус кошки во сне: что значит для любви и денег
        Укус кошки во сне: что значит для любви и денег

    Copyright © 2026 . http://www.uly-qazaq-news.com. Редакция - Email: [email protected]
    Press enter/return to begin your search