- Advertisement -
    • Главная
    • Новости
    • Вести
    • Тема
    • О серьёзном
    • О главном
    • О переменах
    • Лайф
    • О нас
     

    Қырғи-қабақ соғыс қайта оралды ма

    О серьезном 05.03.2024 17:10


    Shares
    • Share On Facebook
    • Tweet It

    НАТО-ға мүше елдер мыңдаған әскери қызметкері мен техникасын жұмылдырды. Польшада «Айдаһар-24» атты ең ірі әсери жаттығулар өтіп жатыр.

    Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Оған қатысушылар жерде, әуеде, теңізде және киберкеңістікте жауынгерлік тактикалық білімдерін жетілдіреді, тәжірибесін молайтады. Себебі Шығыс Еуропадағы жағдай шиеленісе түсті. НАТО альянсқа мүше елдерді және құндылықтарын қорғап, еуроатлантикалық аймақта ұжымдық қауіпсіздікті сақтағысы келеді, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.

    Британ әскерінің жүк көліктері Германияның Сеннелагер елді мекеніндегі жаттығу полигонынан Польшаға бет алды. Шамамен 600-дей ірі әскери техника. Олар бір елден екінші елге жылдам жете алатын қауқары бар екенін көрсетіп жатыр. Британ әскерилері Тұманды Альбионда жүргенде-ақ жауынгерлік дайындықтарын пысықтаған. Көліктерін кемеге тиеп, енді құрлық арқылы жаттығулар өтетін жерге жетулері керек.

    «Әскери операцияның ауқымы кең. Соңғы 20 жылда өткізілген жаттығулардан әлдеқайда үлкен. Тәжірибе жинау үшін әрекет етіп жатырмыз. Дабыл жарияланған кезде бәрі сәтті өтуі керек. Әлбетте, алдағы бірнеше апта көлемінде қателіктерге жол беруіміз мүмкін. Бірақ олар бәрімізге сабақ болады, деп алдын ала қамданып жатырмыз», — дейді Корольдік Англия полкінің мүшесі Саймон Кокс.

    Ұлыбритания мен АҚШ-тан бөлек НАТО-ның басқа да одақтас 31 елінен шамамен 90 000 жауынгер мен техника тартылып отыр. Бұл қырғи қабақ соғыс аяқталғалы НАТО альянсының өткізіп жатқан ең ірі шарасы. Жаттығулар мамыр айына дейін жалғасады. Ол Атлантикадан бастап, НАТО-ның шығыс қанатына дейінгі аумақты қамтымақ. Мақсаты «күші шамалас жаумен» қақтығысқа дайындалу.

    «Польша қорғаныс cаласын нығайту үшін батыл жоспарлар құрды. Америка қауіпсіздік бойынша біздің маңызды серіктесіміз екендігі қуантады. Біз НАТО саммиттерінде берген уәделерімізде тұрдық. Менің ойымша, біз қазір Солтүстік Атлантикалық Шарт асында қорғанысқа бәрінен де көп қаражат құйып жатырмыз. Осылайша басқаларға үлгі болғымыз келеді» — дейді Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский.

    Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы, яғни НАТО бастаған әскери жаттығулар бейбітшіліктің бітіп, қырғи қабақ соғыстың қайта басталғанын көрсетеді. Сарапшылар осылай дейді. Бірінші қырғи-қабақ соғыс өткен ғасырдың қырқыншы жылдары басталып, әлемнің барлық бұрышын қамтығаны белгілі. Социалистік блок пен АҚШ бастаған батыстық демократия арасындағы келіспеушілік 40 жылдан астам уақытқа созылды. Қазір ол қайта айналып келгенге ұқсайды.

    «Мұндай ірі жаттығулар, әсіресе көршілес елдің шекарасына жақын өткізілсе, нағыз арандату болуы мүмкін. Бітпейтін инфляция, сыртқы сауда сұранысының әлсіздігі, көрші елдермен жиі болатын геосаяси қақтығыстар көпшілікті шаршатты. Халықтың назарын басқа арнаға аудару үшін Еуропа мен АҚШ қарулы күштерін көрсетіп жатыр», — дейді Джон Фон Нейман университеті Еуразиялық орталығының директоры Левенте Хорват.

    Сарапшылардың пікірінше, НАТО өзінің әлемді билеп-төстей алатындығын жария етуге тырысып бағуда. Батыс елдерінің гегемониялық бөлігі дүниежүзіндегі жетекші рөлін жоғалтудан қорқады-мыс. Экономикалық тұрғыда әлсіреген мемлекеттер әскери мықтылығын паш еткісі бар.

    «НАТО ұшақтар мен танкілер сатып алуға мәжбүр екендігін дәлелдеп, халықты сендіру үшін жыл сайын үгіт-насихатқа миллиондаған еуро жұмсап жатыр. Ол — салық төлеушілердің маңдай терімен келген ақша. Оның орнына қоғамдық көлік пен пойыз сатып алып, ауруханалар мен мектептер тұрғызса болады ғой. НАТО, демократия, бостандық және қауіпсіздік тең ұғымдар емес. НАТО-сыз да әлем жақсырақ», — дейді Бельгия парламентінің бұрынғы депутаты Лоде Ваноост.

    Қалай болғанда да бүкіл Еуро Одақ бойынша қорғаныс шығындары жылдам өсіп жатыр. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг биылғы жылы альянсқа мүше 31 мемлекеттің 18-і жалпы ішкі өнімінің 2 пайызын немесе одан да көп бөлігін қорғаныс саласына жұмсайтынын мәлімдеген. Бұл он жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда алты есе көп.




    • Tags:
    • НАТО
    • соғыс

    Похожие материалы
    Президент назначил главу представительства Казахстана при ЕС и НАТО
    05.07.2025 04:29
    • Новости

      • 1
        Экс-супруга шоумена Турсынбека Кабатова проводила незаконные лотереи
        Экс-супруга шоумена Турсынбека Кабатова проводила незаконные лотереи
      • 2
        Турсынбек Кабатов ответил на обвинения бывшей супруги
        Турсынбек Кабатов ответил на обвинения бывшей супруги
      • 3
        Исполнение поручений Президента: 1,4 млрд тенге выделено на реконструкцию защитной дамбы в СКО
        Исполнение поручений Президента: 1,4 млрд тенге выделено на реконструкцию защитной дамбы в СКО
      • 4
        15 парков и скверов благоустраивают в Актобе
        15 парков и скверов благоустраивают в Актобе
      • 5
        В 90-х работала в России. Войдет ли это в стаж для назначения пенсии?
        В 90-х работала в России. Войдет ли это в стаж для назначения пенсии?
      • 6
        Пенсионерка из Атырау распространяла религиозные листовки о конце света
        Пенсионерка из Атырау распространяла религиозные листовки о конце света
      • 7
        Указом Президента Ким Сонг Кёнг награжден орденом «Достык» II степени
        Указом Президента Ким Сонг Кёнг награжден орденом «Достык» II степени
      • 8
        Дождь, снег, гололед и туманы: в Казахстане объявлено штормовое предупреждение
        Дождь, снег, гололед и туманы: в Казахстане объявлено штормовое предупреждение
      • 9
        Как жить без счастья?
        Как жить без счастья?
      • 10
        Элитный объект в Астане выставили на аукцион за миллиард тенге
        Элитный объект в Астане выставили на аукцион за миллиард тенге
      • 11
        Президент провел встречу с Раисом Республики Татарстан Рустамом Миннихановым
        Президент провел встречу с Раисом Республики Татарстан Рустамом Миннихановым
      • 12
        61 заведение привлекли к ответственности за курение кальяна в Актобе
        61 заведение привлекли к ответственности за курение кальяна в Актобе
      • 13
        Минфин разоблачил фейки о новой финансовой программе и выплатах казахстанцам
        Минфин разоблачил фейки о новой финансовой программе и выплатах казахстанцам
      • 14
        Экс-глава Фонда финансовой поддержки сельского хозяйства подозревается в хищении бюджетных средств  
        Экс-глава Фонда финансовой поддержки сельского хозяйства подозревается в хищении бюджетных средств  
      • 15
        Тысячи казахстанцев пожаловались на банки
        Тысячи казахстанцев пожаловались на банки
    • Теги

      • онлайн-лотерея
      • Мангистауская обалсть
      • итоговый турнир WTA
      • Роща Баума
      • Исламиада
      • Эр-Рияд
      • Игры исламской солидарности
      • земельное законодательство
      • шоумен
      • Турсынбек Кабатов
      • сэндвич
      • параспорт
      • налоговики
      • банковская тайна
      • чарт
      • Пальма
      • Органы
      • президентский резерв
      • перепродажа авто
      • погашение задолженности
      • Woosong University Kazakhstan
      • Кайрат Мажибаев
      • RG Brands
      • 1 ноября
      • Балпык-би
      • сварщики
      • Чайка
      • Наталия Сац
      • ТЮЗ
      • гастроли
      • Бахрейн
      • смартэлектросчетчики
      • установка
      • МНПЗ
      • зависимость от импорта
      • площадки
      • KazakhTourism
      • нацпарк
      • Наурыз жұмыскер
      • рейды
      • ОПМ Участок
      • мигрант
      • миграционная политика
      • трудовая миграция
      • Миграционная полиция
      • иммигранты
      • иммиграция
      • Мелисса
      • Ямайка
      • крокодил



    UlyQazaqNews

    UlyQazaqNews - это ваш проводник в мире срочных новостей и эксклюзивных материалов. Мы уделяем особое внимание актуальным темам, которые затрагивают Казахстан и весь мир. Наша команда журналистов тщательно отбирает информацию, чтобы предоставить вам только самые интересные и значимые материалы. Мы гордимся тем, что наш сайт является платформой, где вы найдете не только обычные новости, но и эксклюзивные инсайды и сливы. Мы стремимся к тому, чтобы быть первыми, кто передаст вам информацию, которую нигде больше не найдете. Узнайте то, что скрыто от остальных, и будьте в курсе последних событий.

    • UlyQazaqNews – – срочные новости и главные события дня в Казахстане и мире: эксклюзивные материалы, ... Все это и многое другое на нашем сайте.

    • Здоровье

      • 1
        В небе - аксакалы
        В небе - аксакалы
      • 2
        Продолжаются проверки в сфере земельного законодательства
        Продолжаются проверки в сфере земельного законодательства
      • 3
        Акмолинский параспортсмен стал чемпионом этапа Кубка мира
        Акмолинский параспортсмен стал чемпионом этапа Кубка мира
    • Образование

      • 1
        Почему именно 3 ноября американцы обязательно едят сэндвичи
        Почему именно 3 ноября американцы обязательно едят сэндвичи
      • 2
        Обновили рекорд юношеских азиад
        Обновили рекорд юношеских азиад
      • 3
        «Бавария» одержала 14 побед подряд и побила рекорд «Милана» 33-летней давности
        «Бавария» одержала 14 побед подряд и побила рекорд «Милана» 33-летней давности

    Copyright © 2025 . http://www.uly-qazaq-news.com. Редакция - Email: [email protected]
    Press enter/return to begin your search