- Advertisement -
    • Главная
    • Новости
    • Вести
    • Тема
    • О серьёзном
    • О главном
    • О переменах
    • Лайф
    • О нас
     

    Шымкенттегі шығармашылық ошағы

    О серьезном 24.05.2024 05:22


    Shares
    • Share On Facebook
    • Tweet It


    Елімізде шығармашылықтың орталығы тек Алматыда шоғырланған деген стереотиптік пікірге қарама-қайшы сіздерге Шымкенттегі өнер кеңістігі KIIZ Space туралы айтпақпыз.

    KIIZ Space өнер кеңістігі Шымкентте төрт бағыт бойынша мәдениет пен шығармашылықты дамытумен айналысады: кино, поэзия, музыка және өнер. Арт-кеңістік 2023 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеп келеді. Қазірдің өзінде бұл жер бүкіл Қазақстан бойынша танылып, Шымкенттегі шығармашылық қауымның басын қосқан мекенге айналып жатыр.

    KIIZ Space мәдени мұрасы қандай екенін негізін қалаушы және директоры айтып бермек.

    Авторы Жәңгір Жәңгілдин

    Шыңғыс Рысқұлов, KIIZ Space негізін қалаушы

    Арт-кеңістік құру мотивациясы туралы

    KIIZ — бұл эксперимент. 2020 жылдан 2022 жылға дейін бұл кеңістік фотостудия болған. Ол кезде біздің қалада әдеби кештер, фильмдер көрсетілетін, нетворкинг үшін шығармашылық орта және орын жоқ еді. Сол себепті біз жастар үшін осындай орта жасағымыз келді. Егер біз мұны жасап, ашпасақ, ешкім жасамайтынын түсіндік. Фотостудияны жауып, өнер кеңістігін ашуды жөн көрдік.

    Менің басты ұстанымым: бір істі бастасаң, соңына дейін аяқтау. Жүз пайызға жақсы жасау. Қателік кетсе де, оны сапалы орындау үшін қайтадан басынан бастау. Бұл KIIZ принципі.

    Қиындықтар туралы

    KIIZ коммерциялық емес жоба болғандықтан, басты мәселе қаржының жетіспеушілігі болды. Бірақ біз соңына дейін күресіп келеміз. Біздің күресіміз — барлық қиындықтарға табандылықпен төтеп беріп, тұғырымызды берік ұстауымыз болды. Соның арқасында жұмысымызды байқап, шығармашылық саланың адамдары тартылып, көмекке келді.

    Біз студия ретінде жұмысымызды жалғастырдық, сонымен қатар өнер кеңістігінің жұмысын бастады. Ресми немесе техникалық ашылу жасамадық, өзімізге аса назар аударғымыз келмеді.

    KIIZ Space жетістіктері туралы

    Жоба эксперименттік болғандықтан, біз әрқашан өз іс-әрекетімізге көңіліміз толмайды. Және ол қалыпты дүние деп ойлаймын. Сондықтан, қазір KIIZ керемет жоба емес, бірақ бұл үлкен процесс. Сонымен қатар мен Шымкентте жаңа заманауи өнер мектебі – Syzgan Center ашумен айналысып жүрмін. Өз парақшамда краудфандинг аштым және күзге дейін ашылу үшін белсенді түрде қаражат жинап жатырмын.

    Мұзаффар Сәлметов, KIIZ Space директоры

    Поэзия туралы

    Шымкенттегі поэзияның дамуына Аман Рахметов (қазақстандық ақын, жазушы мақала жарияланған уақытта KIIZ Space-те жұмыс істемейді – ред.) жетекшілік етеді. Поэзия кештерін өткізіп, түрлі шараларға келген қонақтарды қарсы алады. Мысалы, бір ақын келіп, кітаптың тұсаукесерін өткізгісі келсе, ол Аманмен келісуі керек. Ал Аманның өзі айына екі-үш рет поэзия кештерін өткізіп, жас ақындарға өнер көрсетуге, өлеңдерін оқуға, тілдесуге мүмкіндік береді.

    Кино туралы

    Мен әдетте ерекше киносеанстар өткіземін, оған арнайы қонақтар фильмдер бойынша материалдар дайындайды. Мәселен, жазушылар туралы шығармалардың көрсетілімін ұйымдастырып, бірден екі саланы: поэзия мен кино байланыстырғанымыз бар. Онда Аманның сарапшы болып, жазушылар туралы үш фильм көрсетті. Көрсетілім алдында шағын презентация, ал кейін материал бойынша пікірталас өтті.

    Сол сияқты бізге де режиссёрлер мен актёрлер келеді. Көрермендермен әңгімелесу үшін олармен ашық кештер өткіземіз. Жастар тәжірибелі режиссёрмен кездескісі келсе, онда біз сол кісімен шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз. Өздерінің шұғылданатын істеріне қарамастан адамдар бір-бірімен әңгімелесу, танысып кездесу үшін келеді.

    Өнер туралы

    Өнерді дамыту аясында біз көрмелерді жоғары деңгейде өткіземіз. Біз әлемдік суретші Саид Атабековпен жұмыс істейміз. Оның АҚШ пен Еуропада көрмесі болған, картиналары орташа есеппен 6 000 еуро тұрады. Сондықтан біз қазір әлсіз немесе коммерциялық өнерді қарастыра алмаймыз. Осыған байланысты дамудың жоғары деңгейде жүріп жатқаны сонша, кейде бұл процесті тежейді. Енді біз өнер адамдарымен ашық кештер өткізуді жоспарға алдық, ол жерде көрермендермен: өнерпаздармен не болашақ жасампаздармен тіл табысуға мүмкіндік туады.

    Қыркүйек айында Алматыдан Гүзел Зәкір деген суретшіні алып келуді жоспарлап отырмыз. Ол әлі Қазақстанда көрме қойған жоқ және алғаш рет бізде өткізеді. Біздің мақсаттарымыздың бірі — картиналар сатылуы үшін көрерменді қызықтыру және мұның бәрін дәстүрге айналдыру. Суретшілердің көркемдік өнерін көпшілік қауымға танытқымыз келеді.

    Музыка туралы

    Біз акустикалық іс-шараларға және жас орындаушыларға қатысты өнер көрсетулерді өткіземіз. Мәселен, 24 қыркүйекте біздің арт-кеңістікте композитор Гүлмира Есенбаева пианинода музыкалық кеш өткізеді.

    Ең бастысы, біздің кеңістіктегі музыка авторлық және акустикалық болуы керек. Рок-концерттерді өткізу біздің концепциямызға және орналасқан жерге байланысты келмейді, айта кетсек, KIIZ тұрғын үйде орналасқан.

    Қазір әртістердің өздері кештердің қонағы болуды сұрайды, біз олардың арасынан таңдаймыз. Ұнағандармен өзара әрекеттесудің екі нұсқасы бар: кеңістікті жалға беру немесе концепциямызға сәйкес болса, бірлесіп іс-шара ұйымдастыру.

    Перспективалар мен жоспарлар туралы

    Қазір мен KIIZ өзін-өзі қамтамасыз ете алуы үшін белсенді жұмыс істеп жүрмін. Бізге қаржылық база қажет, себебі әзірге команда тек еріктілерден тұрады. Қонақтарды қонақүйлерге орналастыру үшін де қаражат қажет. Оның үстіне, алда кітапхана ашқымыз келеді.

    Сосын Шымкентте журналистиканы дамытуды жоспарлап отырмыз, өйткені бұл жерде маңызды нәрселер елеусіз, назарсыз қалады. Ешкім урбанизм, әйелдер мен азаматтық құқықтар туралы айтпайды. Жоғарыда айтылғандар шығармашылықпен тікелей байланысты болмаса да, бұлардың бәрі жалпы қала мәдениетіне әсер етеді. Маңызды тақырыптар туралы ашық айта білу өзгерістерге әкеледі. Маған бұл бағытта қызығушылық танытқан адамдар келеді. Екі адам жазуға ниет білдірген, ал бір қыз сұхбат алып, материал түсіргісі келеді. Біздің кеңістіктің негіз бар: біз түсіре аламыз, қалай жазу керектігін де білеміз, техникалық аспектілерді түсінеміз.

    Түсіруді де жоспарлап отырмыз, Саид Атабектің (Шымкент қаласының суретшісі – ред.) жүріп өткен жолы туралы материал жасағымыз келеді.

    Біз осындай адамдарды батыл, көпке танымал етіп шығарғымыз келеді. Қазіргілердің арасынан өнертанушы, суретшілер, жазушылар, лекторлар немесе кәсіби қызмет өкілдерін көрмедім. Мұндай адамдар танымал және ерекше құрметке лайық болулары керек. Бұл да әлдебір өзгеріске алып келетініне сенеміз.




    • Tags:
    • искусство
    • Современное искусство
    • шымкент

    Похожие материалы
    Врачи без лицензии лечат людей в Шымкенте
    29.07.2025 07:19
    Контроль за оплатой проезда в общественном транспорте усилен в Шымкенте
    10.07.2025 12:02
    Бэнкси показал свое новое произведение
    31.05.2025 12:17
    В Шымкенте загорелось кафе быстрого питания
    30.05.2025 08:02
    "Связали и кололи препараты": женщина заявила о похищении в Шымкенте
    27.05.2025 07:12
    • Новости

      • 1
        ВВП Казахстана в 2024 году: рост, структура, перспективы
        ВВП Казахстана в 2024 году: рост, структура, перспективы
      • 2
        Встать в строй!
        Встать в строй!
      • 3
        У контакт-центра госуслуг в Казахстане появился дополнительный телефон
        У контакт-центра госуслуг в Казахстане появился дополнительный телефон
      • 4
        Суд поставил точку в деле TAKORP: в Павлодаре осуждены организаторы криптовалютной пирамиды
        Суд поставил точку в деле TAKORP: в Павлодаре осуждены организаторы криптовалютной пирамиды
      • 5
        Лошади, которые лечат: семейчанин открыл бесплатную иппотерапию для особенных детей
        Лошади, которые лечат: семейчанин открыл бесплатную иппотерапию для особенных детей
      • 6
        Более полумиллиона тонн сена планируют заготовить в Атырауской области
        Более полумиллиона тонн сена планируют заготовить в Атырауской области
      • 7
        Какое наказание грозит казахстанцам за похищение невесты
        Какое наказание грозит казахстанцам за похищение невесты
      • 8
        Что предлагает виртуальный бокс
        Что предлагает виртуальный бокс
      • 9
        Найдены личные вещи членов экипажа пропавшего военного вертолета
        Найдены личные вещи членов экипажа пропавшего военного вертолета
      • 10
        Больница Астаны подает в суд на блогера из-за поста о беременной акмолинке
        Больница Астаны подает в суд на блогера из-за поста о беременной акмолинке
      • 11
        Определились победители чемпионата Казахстана по теннису
        Определились победители чемпионата Казахстана по теннису
      • 12
        Казахстанцы могут подписывать трудовой договор дистанционно за пять минут
        Казахстанцы могут подписывать трудовой договор дистанционно за пять минут
      • 13
        Сильная жара ожидается в Алматинской и Жамбылской областях
        Сильная жара ожидается в Алматинской и Жамбылской областях
      • 14
        Строительство жилья в Туркестане: акцент на качество и очередность распределения
        Строительство жилья в Туркестане: акцент на качество и очередность распределения
      • 15
        Рейтинг эффективности работы городских и районных акиматов будут вести в области Абай
        Рейтинг эффективности работы городских и районных акиматов будут вести в области Абай
    • Теги

      • конюшня
      • Refract Technologies
      • репутация
      • Курмангали Оспанова
      • зарубеж
      • агентства
      • персонал
      • препарат
      • лекарства без рецепта
      • аномалия
      • перемирие
      • камбоджа
      • ток
      • электрики
      • Зеренда
      • акиматы
      • эффективность
      • рейтинг акимов
      • преступная группа
      • сердце
      • курсы
      • курс валюты
      • Валюты
      • общественный проезд
      • концерт Лопес
      • терпимость
      • психлечебница
      • задержание руководителя
      • Чечня
      • спасли
      • спас ребенка
      • спасли девочку
      • расписание
      • Игры будущего
      • отбор
      • домогательства
      • новая защита
      • казахстанские паспорта
      • Фонд Halyk
      • SOS Детская деревня
      • КАСКО
      • лагерь Куншуак
      • Кенжегазы Байгазин
      • Детский Дом
      • Алга
      • Наркотик
      • Нацгвардии
      • наркодилер
      • Бойцы Нацгвардии
      • Нацгвардия



    UlyQazaqNews

    UlyQazaqNews - это ваш проводник в мире срочных новостей и эксклюзивных материалов. Мы уделяем особое внимание актуальным темам, которые затрагивают Казахстан и весь мир. Наша команда журналистов тщательно отбирает информацию, чтобы предоставить вам только самые интересные и значимые материалы. Мы гордимся тем, что наш сайт является платформой, где вы найдете не только обычные новости, но и эксклюзивные инсайды и сливы. Мы стремимся к тому, чтобы быть первыми, кто передаст вам информацию, которую нигде больше не найдете. Узнайте то, что скрыто от остальных, и будьте в курсе последних событий.

    • UlyQazaqNews – – срочные новости и главные события дня в Казахстане и мире: эксклюзивные материалы, ... Все это и многое другое на нашем сайте.

    • Здоровье

      • 1
        Сколько ветеранов проживают в Казахстане
        Сколько ветеранов проживают в Казахстане
      • 2
        Скандал со сбором на лечение ребенка: АФМ раскрыло траты родителей
        Скандал со сбором на лечение ребенка: АФМ раскрыло траты родителей
      • 3
        Аварийное здание школы-гимназии №30 все-таки снесут
        Аварийное здание школы-гимназии №30 все-таки снесут
    • Образование

      • 1
        Народный репортер. Скамейка на остановке слишком высокая
        Народный репортер. Скамейка на остановке слишком высокая
      • 2
        Давление на эмоции и риск упущенной выгоды - о новых уловках мошенников предупредили казахстанцев
        Давление на эмоции и риск упущенной выгоды - о новых уловках мошенников предупредили казахстанцев
      • 3
        Бектенов поручил увеличить долю трудоустройства на постоянные рабочие места
        Бектенов поручил увеличить долю трудоустройства на постоянные рабочие места

    Copyright © 2025 . http://www.uly-qazaq-news.com. Редакция - Email: [email protected]
    Press enter/return to begin your search