- Advertisement -
    • Главная
    • Новости
    • В Стране
    • Тема
    • В Мире
    • Человек и закон
    • Персонально
    • Лайф
    • О нас
     

    Абай облысының әкімі бірқатар басқарма басшыларына ескерту жариялап, кейбіреулерін қызметінен босатты

    Тема 17.03.2025 11:05


    Shares
    • Share On Facebook
    • Tweet It

    Жиында президент тапсырмаларының орындалуы облыс әкімінің қатаң бақылауында екені айтылды.

    Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары , өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

    Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті. Облыс әкімінің айтуынша, аймақта тұрғындардың сұранысына қарай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту қажеттігі туындап отыр. Облыс бойынша 2700 орындық 6 мектеп, 2100 орындық 9 балабақша, 3 аурухана, 2 емхана салуды және 17 колледж, 75 мектеп, 46 балабақша, 19 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуді қажет етеді. 1981 жылы салынған Семейдегі Абай атындағы облыстық қазақ драма театрында Достоевский атындағы орыс драма театры, "Дариға-ай" жастар театры бірге отыр. Өңірдегі 530 орындық, жалғыз мәдениет ошағын реконструкциялау керек. Аймақта бірде бір "Дарын" мектебі жоқ.

    "Дегенмен облыстың оқушылары Кеңес заманы кезінде салынған ескі мектептерде оқып жатса да білім деңгейі жоғары. Олимпиадаларда жүлделі орын алып жүр. Мемлекет басшысы қабылдауда Үкіметпен бірге аймақты қарқынды дамытудың жолдарын қарастырып, өңірдің өзекті мәселелерін кезең-кезеңімен шешуді тапсырды. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ерекше атап өтерлігі, Президент Үкіметке облыста жаңа көп бейінді клиникалық орталық аурухананың құрылысын биыл бастауға, сонымен бірге Семейдегі Оқушылар сарайының құрылысын аяқтау үшін қосымша 8,6 миллиард теңге қаржы бөлуге тапсырма берді" — деді облыс әкімі.

    Облыс әкімі жиында Президент тапсырмаларын сапалы, уақтылы орындау қатаң бақылауда болатынын ескертті.

    "Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 5 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Алайда Астанаға оның үшеуінің құрылысы желтоқсанда аяқталды деп ақпарат берілген. Біздің өңір үшін 5 мектеп аздық етеді. Халық саны бізбен қарайлас облыстарда кем дегенде 7-9 мектептен салынуда. Бұл мектептердің құрылысының тезірек аяқталуын ата-аналар мен оқушылар күтіп отыр" — деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы облыс әкімінің аппаратына "Жайлы мектеп" жобасымен салынған мектептерді инфрақұрылымдармен тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмағаны үшін құрылыс бойынша жауапты орынбасары Димитрий Гариковқа, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовқа, Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаевқа, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Жандос Қайырхановқа тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс енгізуді тапсырды. Білім саласында орын алған кемшіліктерге жол бергені, балалардың тәрбиесіне байланысты алдын алу шараларын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің жалақысын уақтылы төлеуді қамтамасыз етпегені үшін Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің қызметінен босатылатынын айтты.

    Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша биыл облысқа 9,5 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілген. Алайда берілген қаржы игерілмеген. Осы үшін облыстық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Абай Амангелдин жұмыстан босатылды. Ал жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыра алмағағаны үшін Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаевқа ескерту берілді.

    Облыстағы халыққа қызмет көрсететін денсаулық сақтау ғимараттарының жағдайы да сын көтермейді. Өңірдегі нәресте мен ана өлімі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары. Медициналық қызмет көрсету сапасына халық тарапынан арыз-шағым көбейген. Аймақ басшысы облыс әкімінің аппаратына Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабаевқа жұмысты өз деңгейге атқармағаны үшін тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс енгізуді тапсырды. Жиында өз саласына қатысты ақпаратты дер кезінде ұсынбағаны үшін Мәдениет басқармасының басшысы Айбек Саматқа ескерту берілді.

    Облыс әкімі Семейдегі аспалы көпір күрделі жөндеуден өтуі үшін жасалуға тиіс жобалық сметалық құжаттаманың ұзаққа созылып кеткенін де сынға алды.

    "Көпірдің салынғанына 25 жыл болды. Президент 2022 жылы қыркүйекте Семейге келгенде көпірдің жобалық сметалық құжаттамасын жасауды тапсырған болатын. Екі жарым жыл болды, әлі жасалып жатыр. Былтыр Семейге келген көпірдің 25 жылда бірде бір рет жөнделмегеніне жапондардың өзі таңғалып кетіпті. Бұл көпір арқылы жылына 700 мыңға жуық көлік өтеді. Сондықтан жұмысты жандандыруымыз керек", — деді аймақ басшысы.

    Облыс әкімі Президент тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындауды қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

    "Мен мемлекеттік қызметкерлердің жалған ақпарат беруіне, өзіне жүктелген функционалды міндеттерін немқұрайлы атқаруына жол бермеймін. Өздеріңіз көріп отырғандай, Мемлекет басшысының тапсырмалары тиісті деңгейде орындалмаған. Есеп дұрыс берілмеген. Жауапты мемлекеттік қызметкерлер жұмысты әлсіз жүргізген. Мемлекет басшысының, Премьер-министрдің, Президент әкімшілігі басшысының тапсырмаларын сапалы орындалуын қатаң бақылауға аламыз", — деді аймақ басшысы.

    Жиынды қорытындылаған облыс әкімі қала-аудан әкімдеріне көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуді, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

    "Көктемгі су басудың қауіпті кезеңі Президенттің тікелей қадағалауында. Осы аптада Президент әкімшілігінің басшысы мен Үкімет басшысы су тасқынының алдын алуға байланысты үлкен жиын өткізді. Сондықтан сақтық шараларын күшейтіңіздер. Осы кезеңді төтенше жағдайсыз өткізуіміз керек", — деп қорытындылады аймақ басшысы.

    Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі




    • Tags:
    • Абай облысы
    • әкім
    • Берік Уәли
    • басқарма басшылары
    • ескерту
    • қызметінен босатты

    Похожие материалы
    Абай облысында орман өрттерінің алдын алуға бағытталған жаңа технология іске қосылды
    16.06.2025 12:56
    Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша мамандандырылған бөлім ашылды
    23.01.2025 09:55
    Абай облысында баланы азаптағаны және өлтіргені үшін ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
    18.07.2024 05:54
    Семейде екі саяжай кооперативі жұмысын тоқтатты
    29.01.2024 11:40
    Экс-ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды
    05.09.2023 16:29
    • Новости

      • 1
        Росфинмониторинг введёт лимит на пополнение счетов через терминалы
        Росфинмониторинг введёт лимит на пополнение счетов через терминалы
      • 2
        Медведев назвал похищение Мадуро нарушением международного права
        Медведев назвал похищение Мадуро нарушением международного права
      • 3
        ФСБ задержала кибергруппировку в Забайкалье за мошенничество
        ФСБ задержала кибергруппировку в Забайкалье за мошенничество
      • 4
        «Либо так, либо ничего»: США сорвали переговоры с Ираном в последний момент
        «Либо так, либо ничего»: США сорвали переговоры с Ираном в последний момент
      • 5
        ТАСС: обнаруженное на Кипре тело принадлежит экс-главе «Уралкалия» Баумгертнеру
        ТАСС: обнаруженное на Кипре тело принадлежит экс-главе «Уралкалия» Баумгертнеру
      • 6
        Юрист SuperJob раскрыл условия компенсации за отпуск в 2023 году
        Юрист SuperJob раскрыл условия компенсации за отпуск в 2023 году
      • 7
        «Совсем другой»: Топалов удивил поклонников своим новым образом
        «Совсем другой»: Топалов удивил поклонников своим новым образом
      • 8
        История появления пластиковых банковских карточек
        История появления пластиковых банковских карточек
      • 9
        Печенье «Юбилейное», творог и курага — собрал и в холод. Торт «Ленивый»: вкуснее многих сложных десертов, а усилий — минимум
        Печенье «Юбилейное», творог и курага — собрал и в холод. Торт «Ленивый»: вкуснее многих сложных десертов, а усилий — минимум
      • 10
        Глава Башкирии Хабиров: подросток напал на школу в Уфе с игрушечным автоматом
        Глава Башкирии Хабиров: подросток напал на школу в Уфе с игрушечным автоматом
      • 11
        Сергей Миронов предложил уроки на заводах для школьников
        Сергей Миронов предложил уроки на заводах для школьников
      • 12
        Шойгу прибыл в Китай для проведения переговоров с главой МИД Ван И
        Шойгу прибыл в Китай для проведения переговоров с главой МИД Ван И
      • 13
        Росалкогольтабакконтроль зафиксировал спад продаж игристого вина в РФ
        Росалкогольтабакконтроль зафиксировал спад продаж игристого вина в РФ
      • 14
        В сауне Кемеровской области погибли пятеро подростков
        В сауне Кемеровской области погибли пятеро подростков
      • 15
        Адвокат: Отсутствие паспорта не отменит апелляцию Батыровой в Красноярске
        Адвокат: Отсутствие паспорта не отменит апелляцию Батыровой в Красноярске
    • Теги

      • Национальная оценка рисков
      • Росфинмониторинг
      • Древняя Русь
      • Русь
      • значение
      • мымра
      • лингвистика
      • роспотребнадзор
      • молочные продукты
      • подделки
      • сливочное масло
      • авиационная опасность
      • Орловская область
      • МЧС России
      • Вкусно и точка
      • Александр Романов
      • Аэрофлот
      • Газпромнефть
      • ИМ
      • индексация пенсий
      • низкая инфляция
      • гречка
      • Яблоки
      • Следственный комитет
      • дошкольное учреждение
      • Сергей Шойгу
      • международное право
      • Николас Мадуро
      • микрокредитные организации
      • Забайкальский край
      • ФСБ
      • сны
      • сновидения
      • сонник
      • укусы
      • ТЭЦ-1
      • Инна Щеглова
      • Чита
      • вечеринка
      • Карли Андерсон
      • Элизабет Хилл-Бродиган
      • Мосбиржа
      • вмешательства
      • Центральный банк России
      • рацион
      • фигуристки
      • Ирина Слуцкая
      • комики
      • Уралкалий
      • Владислав Баумгертнер



    UlyQazaqNews

    UlyQazaqNews - это ваш проводник в мире срочных новостей и эксклюзивных материалов. Мы уделяем особое внимание актуальным темам, которые затрагивают Казахстан и весь мир. Наша команда журналистов тщательно отбирает информацию, чтобы предоставить вам только самые интересные и значимые материалы. Мы гордимся тем, что наш сайт является платформой, где вы найдете не только обычные новости, но и эксклюзивные инсайды и сливы. Мы стремимся к тому, чтобы быть первыми, кто передаст вам информацию, которую нигде больше не найдете. Узнайте то, что скрыто от остальных, и будьте в курсе последних событий.

    • UlyQazaqNews – – срочные новости и главные события дня в Казахстане и мире: эксклюзивные материалы, ... Все это и многое другое на нашем сайте.

    • В Стране

      • 1
        17,68% обмана: почему так трудно купить настоящее сливочное масло
        17,68% обмана: почему так трудно купить настоящее сливочное масло
      • 2
        The Washington Post планирует радикальную оптимизацию штата
        The Washington Post планирует радикальную оптимизацию штата
      • 3
        В Орловской области вновь действует авиационная опасность
        В Орловской области вновь действует авиационная опасность
    • Тема

      • 1
        В Венгрии началось возведение АЭС «Пакш-2»
        В Венгрии началось возведение АЭС «Пакш-2»
      • 2
        360kuai: Поддержка КНР в вопросах безопасности со стороны РФ остается стабильной
        360kuai: Поддержка КНР в вопросах безопасности со стороны РФ остается стабильной
      • 3
        Укус кошки во сне: что значит для любви и денег
        Укус кошки во сне: что значит для любви и денег

    Copyright © 2026 . http://www.uly-qazaq-news.com. Редакция - Email: [email protected]
    Press enter/return to begin your search