"Сізге кезексіз беремін": Президентті бас жеуге шақырған кәсіпкер желіні шулатты
Президентті бас жеуге шақырған азамат желіні шулатты. |
Жас кәсіпкер президентті жаңа ашылған кафесіне қонаққа шақырып, видео үндеу жолдаған. Айтуынша, фирмалық рецептпен дайындалған басты жеу үшін адамдар кезекке тұратын көрінеді. Ал, Бақытжан есімді елордалық кәсіпкер президентке "Сізге кезексіз беремін" деген уәдесін айтып, елді таңғалдырып отыр.
"Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы менің есімім Бақытжан. Мен жеке кәсіпкермін. Жақында өзімнің кафемді аштым. Алла қаласа 2 айдан кейін алғашқы салығымды төлеймін. Сіз айтқан жаңа Қазақстанға өз үлесімді қосып жатырмын", — деген ол.
Жас кәсіпкер осылайша мемлекет басшысын кафесіне шақырып отыр.
"Бұл басты біздің қонақтарымыз кезекке тұрады. Егер келемін десеңіз сізге кезексіз беруге уәде етемін. Егер келе алмасаңыз көлік жүргізушіңізді жіберіңіз. Мен салып жіберемін", — дейді кәсіпкер.
Видеоны тамашалаған желі қолданушыларының басым бөлігі "жарайсың", "дами бер" деген сынды қолдау пікірлерін жазған.